Құрметті достар!

Өздеріңіз байқағандай, сайтта бірнеше өзгерістер орын алды. Соны тізіп шықсақ:

  1. Сайт kazchords.kz доменінен kazchords.com адресіне көшті. Себебі, қазақ аккордтарына өтініш азайды, енді басқа да елдердің интернетте кездеспейтін аккордтарын салуды қолға алдық. (егер ат салысам дейтіндер бар болса – жеке хат жазамыз)

  2. Аккордтар тонын өзгерту қосымшасы қосылды. Бұрын көптерің оңай аккордтар сұрайтынсыңдар, енді өздерің де бір батырманы басу арқылы оңайлатып немесе өз дауыстарыңа ыңғайлап алуларыңа болады

  3. Шрифтті үлкейту не кішірейту қосымшасы. Кейде әннің сөзі ұзын болып келеді, сол себептен бір жолға сыймай келесі жолға түсіп кететтін. Сәл ыңғайсыздық тудыратын. Қосымша енді бұл жайтты реттейді деп сенемін

  4. Автоайналдыру қосымшасы. Гитарада ойнағанда қол бос болу үшін жасалған қосымша.

  5. Аккордтар схемасы. Аккордтардың үстіне басқан кезде төмен жақтан сол басқан аккордтың схемалары шығады. Жағадан үйреніп жүрген гитаристтерге өте ыңғайлы.

  6. Екі тілді сайт. Басқа елден кірген азаматтарға ыңғайлы болу үшін ағылшын тілі қосылды.

    Әрине дизайн жағынан әрі жұмыс жүргізу керек, бірақ қосымшалар істеп тұр 🙂 Егер қайндай ба бір ескертулер, ұсыныстар немесе сұрақтар болса пікір жазамыз.

    Келешекте қосымша тілдер қосу, қолданушылар арқылы аккордты түзеу функциясы, дизайн бойынша жұмыс жүргізу жоспарда бар.

Added by

Olzhas Omarbek

SHARE

Your email address will not be published. Required fields are marked *