Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/v-9237.webspace/kazchords.com/wp-content/plugins/cforms/cforms.php on line 836

Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/v-9237.webspace/kazchords.com/wp-content/plugins/cforms/cforms.php on line 839
Қайрат Нұртас – www.kazchords.com

Қайрат Нұртас

INFORMATION

Artist Birtday : 25/02/1989 (Age 35)
Born In : Түркістан, ОҚО
Genres : Поп, Той поп
Agent : Гүлзира Айдарбекова

Қайрат Нұртас (25 ақпан 1989 жыл Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген) — Қазақстанның эстрадалық әншісі. Бүгінгі таңдағы қазақ тілінде ән айтатын әншілердің ішіндегі ең танымалы. Тыңдармандар мен әріптестерінің арасында көптеген табынушылары бар.

Шығармашылығы
Әнші ретінде ең алғаш Байқоңыр сахнасынан он жасында көрінді. Бірінші есеп беру кешін 2008 жылы Алматы қаласында өткізді. Атақты Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ержан Серікбаев сияқты композиторлардың әндерін Қайрат Нұртастың репертуарынан көруге болады. Оның продюсері, әрі демеушісі анасы – Гүлзира Айдарбекова.

Фильмдері
2013 жылы “Өкініш” атты фильмнің премьерасы болды. Фильм — әншінің мелодрамалық өмірін баяндайтын туынды. Фильмде Қайрат Нұртас басты рөлді сомдаса, оның туыстары, профессионалды әншілер мен актерлер де фильмнен қалыс қалмады.

Дискография
.2006: Аңсағаным
.2007: Ана
.2008: Арнау
.2009: Кешегі
.2010: Өкініш
.2011: Ауырмайды жүрек
.2012: Шыда жүрек

Деректер
2013 жылдың 31 тамызында Қайрат Нұртастың Алматыдағы «Прайм Плаза» сауда орталығында болған концерті дау-жанжалмен аяқталды. Әнші сахнада пайда болысымен көрермендер қорғаныш заттарды бұзып, сахнаға қарай ұмтылды. Содан кейін Қайрат өнер көрсетуін тоқтатты. Осыдан соң, ашулы көрермендер полицейлердің патрульды машинасын өртеп, аппаратураны талқандады. Нәтижесінде, 16 азамат пен полицей қызметкерлері жарақат алды. Екі мың адамның 165 адамы тұтқындалды. Ал «Прайм Плаза» басшылығына қарсы қылмыстық іс қозғалды. Себебі, сауда орталъғы концерт өткізуге барлық талаптарға сай емес болды. Сауда орталығына келген шығын – 30 миллион теңгені құрады.

Жетістіктері
2013 жылы II Еуразиялық музыка жүлдесінің «Үздік орындаушы» номинациясы тізімінде болды, бірақ жеңіске Әли Оқапов жетті. Ал келесі жылдағы III Еуразиялық музыка жүлдесінде Қайрат Нұртас сол номинацияда жеңісті қанжығасына байлады.

ARTIST PHOTO

SONGS

ADVERTISEMENT