Нұрлан Әлімжан – www.kazchords.com

Нұрлан Әлімжан

INFORMATION

Artist Birtday : 29/04/1984 (Age 40)
Born In : ШҚО, Бородулиха ауданында туған
Genres : лирика, пап

Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжанов (1984 жылы 29 сәуірде ШҚО Бородулиха ауданында туған) — актер, әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013).

Толығырақ
Нұрлан Баянғалиұлы 1984 жылы 29 сәуірде ШҚО Бородулиха ауданында дүниеге келген.
Әкесі – Баянғали Әлімжанов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
Оқуды бітіргенен кейін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамына алынды.
Отандық көптеген кинофильмдер мен телесериалдарға түскен. Көптеген телебағдарламалардың жүргізушісі.

Фильмография

Жыл Фильм Рөл Қосымша
2006 Шолпанның күнәсі Әзімбай
2008 Бақсы Арман Криминалдық авторитет
2009 Ағайындылар Қуаныш Басты рөл
2011 Балалық шағымның аспаны Сұлтан Басты рөл
2012 Ағайындылар – 2 Қуаныш Басты рөл
2012 Жаужүрек мың бала Қасым
2013 Темір тау Нұрсұлтан Басты рөл
2013 Елбасы жолы Нұрсұлтан Басты рөл
2014 Тығырықтан жол тапқан Нұрсұлтан Басты рөл

Әндері
Өткінші жауын
Ақ құсым
Сағынам сені
Балапаным
Көзіне қарай бердім
Досыма
Кеңістік
Сағымдым ата-әжемді

Марапаттары
“Серпер” Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты.
2013 жылы 13 желтоқсанда ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолынан “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағымен марапатталды. (Астана 2013).
2013 жылы Нұр Отан партиясының арнайы “Жас тұлпар” жастар сыйлығының иегері.
Кино саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері атанды.
ҚР Президентінің жеке алғыс хатымен марапатталған.

ARTIST PHOTO

ALBUMS

ADVERTISEMENT