Димаш – www.kazchords.com

INFORMATION

Artist Birtday : 24/05/1994 (Age 30)
Born In : Ақтөбе, KZ

Димаш Құдайберген (Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген, 24 мамыр 1994 жыл, Ақтөбе) — қазақстандық әнші. Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты[1], «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы [2]

Отбасы
Димаштың ата-анасы танымал әншілер Қанат Айтбаев және Светлана Айтбаева. Димаштың әкесі Қанат Айтбаев – облыстық филармонияның басшысы, анасы Светлана Айтбаева – облыстық маслихат депутаты. Димаштың ата-әжелері де музыка адамдары. Бірі домбырада ойнаса, екіншісінің ән айтуға бейімі мол. Димаштың Раушан атты қарындасы, Мансұр атты інісі бар.

Димаш Құдайберген 24 мамыр 1994 жылы Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаева отбасында дүниеге келген. Ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастады. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында “Айналайын” Республикалық байқауының “Фортепиано” номинациясында жеңімпаз атанған. 2010 жылы “Байқонырдың Әсем дауыстары” Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы “Жас қанат” Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болды. 2012 жылы “Восточный базар” Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атағына ие болды. Бір жылдан соң, “Мейкин Азия” І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болып атанды. 2014 жылы Ақтөбе қаласында А.Жұбанов атындағы Музыкалық колледжінде “академиялық ән орындау” факультетін бітіріп, Қазақ Ұлттық өнер университетінің “эстрада өнері” факультетіне түсті.

Нағыз танымалдық Витебск қаласында XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған соң келген. Екі күн ішінде, жас әнші 175 ұпай жинаған. Бірінші күні ол Константин Меладзе композиторінің «Опять метель» әнін, ал екінші күні Француз әншісі Грегори Лемаршаль репертуарынан алынған «Sos dun terien un detresse» әнін орындады. 2015 жылы 28 қазан күні Ыстамбұлдада Димаш Құдайбергенов “Abu TV” Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінде Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.

27 наурызда 2017 Қазақстанның сүйікті әншісі Димаш Құдайбергенов “Top Chinese Music Awards” номинацияның жеңімпазы атанды. Әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримовтың айтуы бойынша, біздің әнші “Азиядағы ең атақты әнші” номинациясын жеңіп алды. Марапаттау церемониясы кезінде Димаш SOS d’un terrien en détresse әнін орындады.[3]

15 сәуір 2017 Димаш Құдайбергенов Қытайдағы “Singer 2017” жобасында екінші орын алды. Димаш өзінің ақтық сынағында Қытайдың әншісі Шан Венжемен дуэт құрып ән айтады. Ақтық сынақта ол Майкл Джексонның: Dangerous, Billie Jean, The Way You Make Me Feel және Earth song атты әндерін айтып шығады. Ал бірінші орынды болса Қытай қызы Sandy Lam жеңіп алады.[4]

Білімі
5 жасынан бастап фортепианода ойнауды үйренеді. Балалар хорында ән айтқан. 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдады. Қазір Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің 2 курс студенті. Димаш серб, итальян, француз, ағылшын, орыс т.б тілдерде ән орындайды.

Телешоу
«Саз әлемі» («Ел арна») — қатысушы;
«7 ән» («Хабар») — қатысушы[5];
Орталық хабар («Хабар», 15.05.2015) — ата-анасымен қонақ;
«Из первых рук» («Рика ТВ», 21.07.2015) — әкесімен қонақ[6];
Таңшолпан («Қазақстан» РТРК) — қонақ[7];
Орталық хабар («Хабар») — қонақ[8];
«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевпен» («Қазақстан» РТРК) — қонақ[9];
«ҚызықTimes» («Хабар») — қонақ, Әдемі атты әншімен бірге[10];
«Бенефис шоу» Майра Мұхаммедқызы («Хабар») — қонақ[11];
«Аналар» («Astana TV») — анасымен қонақ[12];
«Жан сырым» («Жетінші арна») — қонақ[13];
«Бенефис шоу» («Хабар») — ата-анасымен қонақ[14];
«Singer 2017» («Hunan TV») — қатысушы[15].
《Bastau》(31 арна) — əнші

Марапаттары
2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты;
«Жыл таңдауы Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты;
2017 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері;
2017 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасы қоры сыйлығының иегері.

Материал wikipedia қорынан алынды. Қателіктер болса, бізге жазыңыздар.

ARTIST PHOTO

ALBUMS

ADVERTISEMENT