LYRIC
Em
Ұнатады шыңда көңіл шырқауды,
Am
Таулары жоқ төбемізден бұлт ауды.
Am
Толағай боп туылмадым, әттең ай,
Am Em H7 Em
Атырауға әкелер ме ем, әкелер ме ем бір тауды…
Am
Шыңды армандап төбесі көк сүзгілер,
Em
Экраннан Эверестке үздігер.
Am H7
Обаны адыр, адырларды төбе деп,
Am Em H7 Em
Төбелерді тау деседі, тау деседі біздің ел.
Am
Тартыспай ақ Ғамзатовтай көкеммен,
Em
Тау ұлы емес, қыр ұлы боп өтем мен,
Am H7
Осы қырда төбешіктей Аналар,
Am Em H7 Em
Дүниеге таудай Ұлдар, таудай ұлдар әкелген.
Ерліктері айналмайтын елеске,
Ереулі атқа ерін салған егесте.
«Ереуіл атқа ерін салған егесте»
Махамбеттің өзі бір тау, өзі бір тау емес пе?
Жанарында жасын ойнап керемет,
Қарсы шапқан жауған оққа себелеп.
Санаң болса қалай ғана айтарсың,
Нысанбаев тау емес ед, тау емес еді төбеде.
Тау ұлдары тауда нағыздай сырбаздай,
Жүздеріңде шабыт оты жүр маздай.
Біздің қырда қыдырса егер бір жаздай,
Талай ақын кетер ме екен, кетер ме екен жыр жазбай…
Алты алаштың алыптары берсе дем,
Таусыз ғұмыр кешеріме мен сенем.
Биіктікті айналайын, туған ел,
Қыранының қанатымен, қанатымен өлшеген.
Бір құдірет тұлағанда, жасқанда,
Құлаш ұрмай тауға, шыңға, асқарға,
Қыр баласы тауға қарап өспейді,
Қыр баласы қол созады, қол созады аспанға…
No comments yet