LYRIC
Тәңірберген Молдабай,
Малға жарлы болса да,
Айтар сөзге, тілге бай.
Сөйлер сөзге келгенде,
Орынбордың алдында,
Тағалаған жорғадай.
Сөйле, тілім, жалықпа,
Жалықпа жақсы халыққа.
http://kazchords.kz - аккорды и тексты казахстанских песен
Білгеніңді айта алсаң
Дидар сөзің бар ма екен?!
Сенің жайың халықта
Білгеніңді анықта,
Аққу құстай шарықта.
Жақсы менен жаманды,
Аудармалап қызыл тіл,
Топ ішінде анықта.
Молдабайдың әні еді,
Осылай қылып ән салсам,
Домбыраның сәні-ау
Аударма қалпақ, жез телпек,
Хандар киер көзіне.
Кімдер әуес болмаған,
Молдабайдың сөзіне.
Ақ түйердей болмаса
Үйдің сәні келмейді.
Шым ораулы болмаса,
Шидің сәні келмейді.
Қара жерден қар кетпей,
Көкорай шалғын, жер кеппей,
Жердің сәні келмейді.
Үйрек ұшып, қаз қонбай,
Көлдің сәні келмейді.
Егескен жауын мұқатпай,
Ердің сәні келмейді.
Қызыл-жасыл киінбей,
Қыздың сәні келмейді.
Қыз боз бала жиылмай,
Жырдың сәні келмейді...
Молдабайдың әні еді,
Осылай қылып ән салсам,
Домбырамның сәні еді.
Молдабайдың әні еді,
Осылай қылып ән салсам,
Домбырамның сәні еді.
View count: 48,656
No comments yet