Роза Рымбаева – www.kazchords.com

Роза Рымбаева

INFORMATION

Artist Birtday : 28/10/1957 (Age 67)
Born In : Семей облысы Жаңғызтөбе станциясы
Genres : Эстрада

Роза Қуанышқызы Рымбаева (28 қазанда 1957 жылы Семей облысы Жаңғызтөбе станциясында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі.

Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1977-1979 жылдары «Песня года» фистивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы«Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болды.

Биографиясы
Роза Рымбаева Шығыс Қазақстан обылысындағы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшылар отбасында дүниеге келген. 1974 жылы Семейдегі музыкалық училищеге түсіп, мұнда 3 жыл оқиды. Бұдан кейін Алматыдағы театралдық-көркем өнер институтында оқып, оны 1984 жылы тәмамдайды. Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетін бітірген.

1976-1979 жж. Республикалық Гүлдер жастар – эстрадалық ансамблінің солисі, 1977 жылы «Алтын Орфейді» жеңіп алады. 1979 жылы – «Қазақконцерт» бірлестігі жанындағы «Арай» эстрадалық ансамблінің солисі. Әншінің халықаралық белгілі болуы С. Бәйтерековтың «Әлия» әнін орындауынан басталады. 1979 жылы Роза Рымбаева Ыстамбұлда өткен халықаралық әншілер байқауында лауреат атанды, 1983 жылы Кубада өткен «Гала – 83» халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алады. 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанады. Оның орындауындағы қазақ композиторлары Т. Ерешевтің «Гүлдене бер, туған жер», Н. Тілендиевтің «Куә бол», Б. Байқадамовтың «Айгөлек», Ж. Тұяқбаевтың «Атамекен», Т. Сарыбаевтың «Отандастар» әндері тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленген. «Бір бала», «Сәулем-ай», «Кебек», «Назқоңыр», «Әгугай» және т. б. сияқты халық әндерін ол өзіндік ерекшелікпен орындайды. Роза Рымбаева сондай-ақ, киноактриса ретінде де танымал.

Отбасы
Жолдасы – Тасқын Оқапов (1948-1999)

Ұлдары – Әли Оқапов (1991), Мәди Рымбаев (2000)

Жолдасының қарындастары – Мәншүк (1975), Әлия (1979)

Хронологиясы
1974 — өзіндік шығармашылық республикалық конкурсының бірінші премиясы
1975 — өзіндік шығармашылық республикалық конкурсының бірінші премиясы
1976—1979 — «Гүлдер» ансамбілінің солисті
1977 — «Гран-при», «С песней по жизни» бүкілодақтық телевизиялық конкурсы
1977 — «Гран-при» Болгариядағы «Золотой Орфей» фестивалі
1977 — «Гран-при», Сопоттағы халықаралық әндер фестивалі, Польша
1979 — Т. Оқапов жетекшілігіндегі «Арай» ансамбілінің құрылуы
1979 — Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі
1979—1984 — Қазақ Театралды-көркемдік институты
1981 — Лениндік Комсомол премиясының лауреаты.
1983 — «Гран-при» «Гала-83», Куба
1984 — Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі
1986 — Казақ КСР-нің Халық әртісі
1986 — «Гран-при» «Алтын микрофон», Түркия
1995 жылдан бастап Республикалық эстрада-цирк колледжінде оқытушы
2000 — «Эстрада жұлдызы» номинацисында «Жыл Адамы»
2000 — Қырғызстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
2000 — Платиновый Тарлан премиясын алды
2004 — Қазақстанның Мемлекеттік премиясының лауреаты
2005 — Мәскеуде Эстрада жұлдыздары алаңында жұлдызы ашылды
2007 — “Роза Рымбаева 30 жыл сахнада” мерейтойы
2008 — Пекин олимпиадасының факелын алып жүрді
2008 — Қарағандыда жеке жұлдызы ашылды (Бибігүл Төлегеновадан кейін)
2008 — Эстрада әртісі номинациясында «Қазақстан әйелі» атанды
2008 — “Коктем шакырады”концерттік бағдарламасына 10 жыл
2011 — Қазақстанда өткен VII Қысқы Азия Ойындарының гимнін орындап, факелды алып жүрді
2011 — “Роза Рымбаева 35 жыл сахнада” мерейтойы
2012 — Жапония,Ресей,Түркия және Белоруссиядағы концерттік турне
2013 — Imperial Сәң Үйінің бет бейнесі болды
Дискографиясы
1985 — LP “Роза Рымбаева және «Арай» ансамблі , фирма «Мелодия».

2003 — LP «Ademi-au» (Таңдаулы әндер)

2006 — CD «Cенімен біргемін» (14 қазақша ән)

2007 — DVD «30 жыл сахнада» (3 DVD диск — үш концерт (Мәскеу, СПб, Алматы) и дер. фильм «Роза» және бір CD «Ертеңіме сенемін») [1]

2008 — МР3-жинақ «Любовь настала» («Имена на все времена» сериясында, Ресей)

2009 — МР3-жинақ «Роза Рымбаева» («Золотая коллекция ретро» сериясында, Ресей)

2009 — CD «Вечная весна» (қазақ және кеңестік композиторлар әндері).

2010 — CD «Жерiм жаннатым» (Еркін Ынтықбаев әндері).

Фильмографиясы
1976 — телевизиялық фильм «Первая песня», студия «Қазақтелефильм».

1982 — «До свидания, Медео»\”Revue na zakázku”[1] совет-чехословак фильмінде басты рөл

1999 — дер. фильм “Женский взгляд”. Роза Рымбаева», реж.Оксана Пушкина (Ресей).

2001 — дер. фильм «Роза», реж. Ж. Сабирова.

2002 — дер. фильм “Хвост кометы”. Роза Рымбаева», реж. А. Бурыкин (Ресей).

2010 — дер. фильм «И снова здравствуйте!», (Ресей).

Марапаттары
Лениндік комсомол премиясы (1981) — жоғарғы орындаушылық шеберлігі үшін
Халықтар Достығы ордені (1991)
«Парасат» ордені (2000)
Орден Почёта (Ресей) (7 тамыз 2002)
2002 — Қазақстан жұлдыздар аллеясында жеке жұлдызы.
2002 — Тарлан
«Құрмет» ордені (2004)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (2004)
«Звезда созидания» ордені (2004)
2005 — Мәскеудегі жұлдыздар аллеясында жеке жұлдызы.
«Астанаға 10 жыл» медалі (2008)
2008 — Қарағандыдағы жұлдыздар аллеясыдағы жеке жұлдызы
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)
Шығыс Қазақстан обылысының Құрметті азаматы 2011

ARTIST PHOTO

ALBUMS

ADVERTISEMENT