LYRIC
Арманым да бір
Қуанышым да бір өзің ғана
Бол қасымда
Ойымда менің бір
Сағынышым да бір өзің ғана
Болсаң деймін жанымда
http://kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен
Көзіңнен, көркіңнен айналайын
Бақыттан, шаттықтан айқайлаймын
Еркелеп, майысқан кездеріңе
Жүрекпен сезімдерімді жырлаймын
Керемет сүйкімді сұлуымсың
Жарқырап жанып тұрған жұлдызымсың
Еркем-ау есіңнен шығармашы
Сен менің бақытымсың
Жарқыраған күн жүзіңе сауле шашып
Жүректегі үн махаббат сырын ашып
Байқаусыздықтан ренжітіп алсам
Білесің оның себебі ғашықтығымнан
Ғашық жүрегім шаттықтан ән жырлайды
Сені сүйемін деген сөзім таусылмайды
Сұлулығыңа таң қаламын
Күн көзіндей нұрын шашып жарқыраған
Көзіңнен,көркіңнен айналайын
Бақыттан, шаттықтан айқайлаймын
Еркелеп, майысқан кездеріңе
Жүрекпен сезімдерімді жырлаймын
Керемет сүйкімді сұлуымсың
Жарқырап жанып тұрған жұлдызымсың
Еркем-ау есіңнен шығармашы
Сен менің бақытымсың
Арманым сен
Ойым да сен
Қуанышым да сен
Өзің ғана бол қасымда
Бол қасымда
Бол қасымда
Көзіңнен, көркіңнен айналайын
Бақыттан, шаттықтан айқайлаймын
Еркелеп, майысқан кездеріңе
Жүрекпен сезімдерімді жырлаймын
Керемет сүйкімді сұлуымсың
Жарқырап жанып тұрған жұлдызымсың
Еркем-ау есіңнен шығармашы
Сен менің бақытымсың [x2]
No comments yet