LYRIC
Am E Am E
Менің үніме құлақ түр, елім,
Am E Dm Am
Бəрі,бəрі де сынақ білемін.
Am E
Өмір жайында ойлана қалсам,
Dm Am E Am
Ессіз адамдай жылап-күлемін.
Am E Am E
Жүрміз өлместей өмірге келіп,
Am E Dm Am
Жалғанның жайлы төрін де көріп.
Am E
Басыңа жауған бақыттың қары,
(Dm Am)x3 E Am
Түседі-ау, бір күн көңілден еріп.
Am E Am E
Қамшының қысқа сабындай ғұмыр,
Am E Dm Am
Құшағы — алма бағындай жұмыр.
Am E
Байлығыңменен байлай алмассың,
Dm Am E Am
Асау тағдырың бағынбайды бұл.
Am E Am E
Мəңгілік емес жалған бəрі де,
Am E Dm Am
Біз татқан қиял, арман дəмі де.
Am E
Кəрілік келер қалған өмірің,
(Dm Am)x3 E Am
Байланып жіпсіз қалған дəріге.
Am E Am E
Кетер əкең де анаңда кетер,
Am E Dm Am
Кеткенше саған алаңдап өтер.
Am E
Тірі кезінде құрметте бəрін,
Dm Am E Am
Өкпелегенше заманға бекер.
Am E Am E
Бермес ешкімге тіршілік баға,
Am E Dm Am
Татымас тағдыр бір шыбыққа да.
Am E
Анау өмірге апаратының,
(Dm Am)x3 E Am
Құдайға қылған құлшылық қана.
Am E Am E
«Шіркін» таусылса » əттеңің» ғана,
Am E Dm Am
Салқын күндердің сəттерін қара.
Am E
Жалғаннан жалғыз алатын еншің,
(Dm Am)x3 E Am
Бір-екі метр ақ кебін ғана…
Am E Am E
Сыналар өмір өтінде күшің,
Am E Dm Am
Бай адам мықты секілді ел үшін.
Am E
Жер бетін ешкім жаулай алмайды,
Dm Am E Am
Жер жаулап алар бетіндегісін.
Am E Am E
Жетер Алладан үкім алдағы,
Am E Dm Am
Пенденің өлмеу бүкіл арманы.
Am E
Айтып келмейтін ажал құрғырдан,
(Dm Am)x3 E Am
Қорқыттың өзі құтыла алмады…
Am E Am E
Қалар артыңда жаңғырық, елес,
Am E Dm Am
Əрбір адамның тығдыры белес.
Am E
Бəріне мəңгі өмір тілер ем,
Dm Am E Am
Өмірде бəрі мəңгілік емес!
сөзі: А. Сеитов, С. Әбенов
View count: 5,850
No comments yet