LYRIC
Em Am Ауылда өстім, Шаңына аунап, еркелеп. D G Ұядан ұштым, қатайды қанат ертерек. C Am Асығып алдан бақытым күтіп тұрғандай, B7 (Em) Армандар асқақ, қиялдар қилы жетелеп. Em Am Қаланың мынау тамаша сайран-сауығы, D G Жолдарын жуған нөсерлі жылы жауыны. C Am Бәрі де ғажап, Сағынған кезде бірақ та, B7 (E) Аңсарым ауып, іздедім сен ауылым. Қайырмасы: Am Em Ауылым, аңсадым, Аппақ таңыңды. B7 (Em) Тұнық кешіңді, алма бағыңды. Am D G Өзіңе барып, қуып сағымды, B B7 Em Іздеймін бала, балғын шағымды. Em Am Достармен бірге саялап сая-бақтарын, D G Шаттыққа толы өткізіп қызық шақтарды. C Am Жадырап, жайнап, өтсе де жарқын күндерім, B7 (Em) Ауылды аңсап, жаныма сая таппадым. Қайырмасы: Am Em Ауылым, аңсадым, Аппақ таңыңды. B7 (Em) Тұнық кешіңді, алма бағыңды. Am D G Өзіңе барып, қуып сағымды, B B7 Em Іздеймін бала, балғын шағымды. Em Am Көңілде тұрған жауап жоқ сансыз сұраққа, D G Өзіңді іздеп, кеттім ауылдан жыраққа C Am Ғашық болсам да қаланың айлы кешіне B7 (Em) Ауылға туған жетпейді екен бірақ та.
View count: 14,331
No comments yet