Ахмадиева Ділназ Мұратқызы - қазақ әнші, актриса. 1980 жылы 20 қарашада Алматы қаласында туған. Ұйғыр. Әкесі - Ахмадиев Мұрат Абдуреимұлы, ҚР Халық әртісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Анасы - Әшімова Ризвангүл Магаметқызы, актриса, телевизия дикторы болып жұмыс істеген. Қазақ мемлекеттік халықаралық тілдер университетінің ағылшын тілі факультетін бітірген (2002), аудармашы-референт. Қазіргі уақытта Голливудта актер шеберлігі курстарында оқиды (АҚШ). Орыс, қазақ, ұйғыр, ағылшын және испан (сөздікпен) тілдерін біледі. 1997-2007 жылдары - «Мемлекеттік республикалық ұйғыр театры» РКҚК солист-вокалисі. Бүгінгі күнде жеке мансабымен айналысуда. «Сыйқырлы алма» музыкалық фильміне (1984), америка-қазақстан бірлесіп түсірген «Көшпенділер» фильміне (2003) түскен. «Әлем халықтарының билері» сольдік би жобасына (1990), жас орындаушылардың Халықаралық «Новая волна» фестиваліне (Юрмала, 2002) қатысқан. Жас орындаушылардың республикалық «Алмалы-98» конкурсында Гран-при жүлдесін (1998), «Медивайв» визуалдық өнер фестиваліне ұйғыр театры труппасы құрамында қатысып, Гран-при иеленген (1999). Қазақ әндерінің «Золотой диск» фестивалі сыйлығының (2000), ұлттық «А-1» сыйлығының (2001), «7 Нот» журналы сыйлығының (2000), Қазақстан Жастар сыйлығының (2003), «Ильхам» сыйлығының (2005) лауреаты. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бейбітшілік, байлық және өркендеу». Хоббиі - бильярд. Сүйіп оқитын әдебиеті - көркем әдебиет, тарихи романдар.