Әли Тасқынұлы Окапов (22 шілдеде 1991 жылы Алматы қаласында туған.) - эстрадалық әнші, биші. Алғаш Қазақстанды халықаралық деңгейде танытқан Роза Рымбаеваның ұлы. Отбасы Анасы Роза Рымбаева, әкесі Тасқын Окапов (1948-1999), інісі Мәди (2000). Білімі Күләш Бәйсейітова атындағы музыкалық мектептің фортепиано сыныбын бітірген. 2010 - 2011 жылдары Астанадағы ҚАЗНУИ университетінде білім алған. Сол жылдары Темірбек Жүргенов атындағы университетте білімін жалғастырды . Мамандыққа келуі 2008 жылы " black style dance studio" жерінде биден сабақ берген. Сол жылдары hot 10 band live командасының клавишнигі болып жұмыс атқарды. 2009 жылы slang тобының солисті болды . Марапаттаулар Алматыда болған дельфийские игры сайысының 2-ші орын жүлдегері. Алматы жүрегімде байқауында 2-ші орынды иеленеді. Қазақстандағы жұлдыздар фабрикасы жобасының финалисті. 2012 жылы Саз әлемі жабасында Баян Есентаеваның жыл жаңалығы номинациясына иеленді.