Өнер қырандары» Әзіл-сықақ театры. 2007 жылы құрылған. Өнер қырандары құрамында жеті актер, бір әнші бар, өнерлі жастардан құралған.Бірнеше телевизиялық жобалардың жүлдегері. Сол уақыттан бері, театр қызықты әзіл-сықақтармен қатар, пародия жанрындағы қойылымдарымен де ерекшеленеді. Өнер қырандары «Ялла», «Дос-Мұқасан», «Орда», Әлішер Кәрімов, Ескендір Хасанғалиев, Заттыбек Көпбосынов, Нұрлан Албан, Бүркіт пен Айша және өзге де жұлдыздарға пародия жасады. Бірқатар тележобалардың жүлдегері. Театрдың әдемі әзілдері мен жарасымды пародияларын мерекеңізде тамашай аласыздар!