INFORMATION
Artist Birtday : | 01/01/2009 (Age 15) |
Born In : | Алматы |
Алашұлы тобы – 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының қабырғасында құрылған ұлттық дәстүрді ұлықтаған музыкалық топ.
Топ мүшелері:
Әзімбек Байлин,
Рахмет Мақсат,
Рамазанов Ерзат сынды жігіттерден құралған.
Бас директоры әрі продюсерлері – Назгүл Қарабалина. Топтың шығармашылық жұмысымен Алуа Қонарова айналысады.
Топ мақсаты
Алғаш топ болуды ойластырғанда-ақ олар жерге, руға бөлінбей, «бір атаның емес, барша Алаштың ұлы болайық» деген мақсат қояды.
Топтың көздеген мақсаты – жастардың рухын көтеріп, қазақтың өнерін кеңінен насихаттау, әрі жер-жаһанға таныту. Сонымен қатар айтылмай жүрген, ұмыт болып бара жатқан термелер мен жырларды қайта жаңғырту. Бір сөзбен айтқанда — өткенді жаңғырту. Осы мақсатты орындау барысында жігіттер түнгі клубтарда да ұлттық нақыштағы әндерді шырқауға дейін барған екен.
«Алаш ұлдары» шоу-бизнеске алшаңдап тұрып қадам басты. Алаш идеясы – ұлттың иедеологиясы болса, «Алашұлы» этно-тобының әні – ұлттық әуенге айналды. Ата салтын ардақтаған «Алашұлының» әндері жұрттың делебесін қоздыратын мәнерімен бірден жүректерді жаулап алды. Үстіндегі ұлттық киімдері де, билері де «Алашұлы» деген атқа лайық жарасып, ерекше өзіндік стильдерін танытты.
Топтың құрамындағы әндер
Топтың репертуарында «Қара жорға», «Жарапазан», «Махамбеттің жыры», «Ақтанның термесі», «Отан», «Елім менің» сынды ұлттық нақыштағы 10 шақты ән бар. Роза Рымбаевамен дуэт болып орындаған «Туған елім» әні де халықтың жүрегіне жол тартып үлгерді. Жігіттер ең алғаш топ болып құрылғанда тойларға шығып жүріп, тырнақтап жиған қаржыларына өз күштерімен «Жарапазан» әніне клип түсірген екен. Кейін продюсерлерінің арқасында оның саны екеуге ұлғайып, «Ақтанның термесі» мен «Елім менің» әндеріне де бейнебаян түсірілді. Этно-топтың репертуарында Әлібек Серғалиевтың сөзіне жазылған «Біздің қыздар» әні де бар. 2014 жылы “Угай” әніне бейнеклип түсірілді.
Жетістіктері
2012 жыл топ үшін табысты болды. Ең алдымен продюсерлік компаниямен келісім-шартқа отырды. Содан кейін жұлдызды шақтары басталып, «Саз әлемінде» бақтарын сынады, «Ду қол шоколад!» сынды көптеген телебағдарламаларда өнерлерін көрсетті, «Жарайсыңда» сұхбат беріп, еліміздегі ең танымал журнал «Жұлдыздар отбасының» алғашқы бетіне шықты.