Алтынай Жорабаева – www.kazchords.com

Алтынай Жорабаева

INFORMATION

Artist Birtday : 28/10/1978 (Age 46)
Born In : Бейнеткеш ауылы, Төле Би ауданы, ОҚО
Genres : поп, халық әндері

Алтынай Құлажанқызы Жорабаева (28 қазан 1978, Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Бейнеткеш ауылы) — эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Жалпы мәліметтер
Жорабаева Алтынай Құлажанқызы 1978 жылы 28 қазан дүниеге келді. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Бейнеткеш ауылының тумасы. 1995 жылы 1 мамыр орта мектебін тәмамдап, Қожа Аxмет Яссауи атындағы ХҚТУ, өнер факультетіне оқуға түседі. Университетті 1999 жылы бітіріп, аталған университетте 2 жыл мұғалімдік қызметін атқарады. Алтынай Жорабаева үлкен сахнаға алғаш рет 1997 жылы шығып, облыстық «Арай» байқауында жүлдегер, ал республикалық «Жас қанат-97» байқауында дипломант атанған. Одан кейін де орындаушылық шеберлігін үздіксіз ұштау арқасында 2001 жылы Алматыдағы ХІІ Халықаралық «Азия дауысы» байқауында, 2004 жылы Болгарияның Варна қаласындағы ХІІ Халықаралық «Discovery» байқауында, 2005 жылы Мысырдың Каир қаласындағы ІІ Халықаралық «Александрия» ән байқауында лауреат болды. 2003 жылы Белоруссияда ХІІ Халықаралық «Славян базары» байқауында дипломант, 2004 жылы Латвияның Юрмала қаласында V Халықаралық «Янтарь жұлдызы» байқауында бас жүлде (Гран-При) және 2005 жылы АҚШ-тағы Голливудта өткен орындаушылық шеберліктің әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс медальды иеленді. Сондай-ақ 2004 жылы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, 2006 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, 2008 жылы Қазығұрт ауданының құрметті азаматы атағына қол жеткізді. Алтынай Жорабаеваның алғашқы аудио альбомы 2002 жылы «Арманыма ғашықпын» деген атпен шыққан болатын. Ал «Өмір- өзен» атты алғашқы жеке концерті 2004 жылы «Қазығұрт» өнер орталығының ұйымдастыруымен Алматыдағы Республика сарайында өтті. «Жүрші сәулем ауылға», «Елімнің жүрегі-Астана» деген үнтаспа альбомдары мен «Өмір-өзен» атты бейнетаспа альбомы жарыққа шықты. Шығармашылығының 10 жылдығына орай 2014 жылы Астана қаласында « Қазақстаным алға» атты концертін өткізді. Қазіргі таңда Алтынай 4 қызды тәрбиелеп отырған аяулы ана, асыл жар.

Марапаттары
2001 жылы Х-шы Халықаралық «Азия Дауысы» фестивалінің лауреаты. Қазақстан
2003 жылы Халықаралық «Славянский базар» фестивалінің дипломанты. Витебск
2004 жылы Болгарияда өткен VIII Халықаралық «Дискавери» байқауының лауреаты
2004 жылы Латвияның Юрмала қаласында өткен «Янтарьная звезда» ән байқауының бас жүлдегері.
2005 жылы Египетте өткен «Александрия» ән байқауының лауреаты
2005 жылы Орындаушылық шеберліктің әлем чемпионатының екі алтын, екі күміс медалінің иегері. АҚШ, Голливуд
2004 жылы ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
2006 жылы ҚР президентінің жарлығымен “Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағы берілді.
2016 жылы ҚР президентінің жарлығы бойынша “Құрмет” Орденімен марапатталды.
Қазығұрт ауданының құрметті азаматы, 2008 жыл; Төле би ауданының құрметті азаматы, 2013 жыл;

ARTIST PHOTO

ALBUMS

ADVERTISEMENT