INFORMATION
Artist Birtday : | 01/01/1967 (Age 57) |
Born In : | Алматы, Қазақстан |
Genres : | Ретро |
Досмұқасан — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері композитор Мұрат Құсаинов. Ансамбль құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарды. 1997 жылы Досмұқасанның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты “Әуен” музыка студиясынан “Той жыры” деген атпен ансамбльдің 1967 — 75 жылдары орындаған ең таңдаулы әндерінің “Үнтаспа”-альбомы шығарылды.
Топтың тарихы
1967 ж Қазақ политехнологиялық иниститутының(қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Д.Сүлеев, М.Құсайынов, Қ.Санбаев, А.Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған. Ансамбльдің аталған алғашқы құрамына кейіннен М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов, Н.Құсайыновтар қосылды.
Шығармашылығы
Репертуарынан электронды музыкалық аспаптар сүйемелімен орындалатын қазақтың халық әндері (“Назқоңыр”, “Ахау бикем”, “Он алты қыз”, “Сұлу қыз”, “Құдаша”, “Ауылың сенің іргелі”, т.б.), халық композиторларының (Естай, Ақан сері, Мариям Жагорқызы, т.б.) әндері және қазіргі қазақ композиторларының әндері (“Сағындым сені” — Е.Хасанғалиев; “Алатау”, “Куә бол” — Н.Тілендиев, “Жыр жазамын жүрегімнен” — Ұ.Жұбанов; “Шофер келді қырманға” — С.Мұхамеджанов, т.б.), сондай-ақ, ансамбльдің өз мүшелерінің шығармалары (“Той жыры”, “Күт мені” — Сүлеев; “Қайдасың” — Молдабеков; “Қуанышым менің”, “Туған жер” — М.Құсайынов) орын алды.Досмұқасан дәстүрлі фольклорлық-музыка туындыларды өз кезеңіндегі эстрадалық музыка мәнеріне сай өңдеп, жаңа сипат беріп, құлпырта орындады. Бұл сипат, әсіресе, “Жерұйық” рок-операсы (1980), “Дала және ғарыш” (1985) сияқты күрделі шығармалардан айқын танылды.
Танымал әндері:
-Ты — моя мечта
-Куә бол
-Tой жыры
-Құдаша
-Дударай
-Туған жер
-Сұлу қыз
-Наз қоңыр
-16 қыз
-Қарлығаш
-Жанарым
-Ахау бикем
-Ақ сиса
-Алатау
-Алматы түнi
-Арал
-Қайдасың
-Су тасушы қыз
-Шофер келеді Қырманға
-Ауылың сенің іргелі
-Қуанышым менің
-Ләйлім-шырақ
-Бойжеткен
-Ғашықтар әні
-Жыр жазамын жүрегімнен
-Сағындым сені
-Күт мені
-Той жыры
-Бақытқа барар жолда
Дискографиясы
Альбомдары
1973-ВИА «Дос-Мукасан» — СМ 0004363-4
1973-ВИА «Дос-Мукасан» — ГД-0003443-4
1973-ВИА «Дос-Мукасан» — ГД-0003445-6
1976-ВИА «Дос-Мукасан» — С60-07677-78
1980-ВИА «Дос-Мукасан» — СМ00 791, (компакт-кассета)
1983-ВИА «Дос-Мукасан» — С60-19101-009,
Компиляциялары
1972 — 33ГД-0002911 Кругозор 1972 N5 (11) Первый оттиск. Казахские молодежные ансамбли «Дос-Мукасан» и «Айгуль».
1977 — Г92-06497-98 Кругозор N12(11) Ансамбль «Дос-Мукасан» (Казахстан)
1980 — С60 13531-2, Песни о целине
Жетістіктері
Досмұқасан халыққа кеңінен танылды, жастарға үлгі таратты. Досмұқасан — бүкілодақтық “Халықтар достығы” фестивалінің (Ташкент, 1971), кәсіби орындаушылар байқауының (Минск, 1973), сонымен қатар, 1973 жылы Берлинде, 1985 жылы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің халықаралық фестивальдерінің, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974).
Топ мүшелері
Д.Сүлеев, М.Құсайынов, Қ.Санбаев, А.Литвинов, М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Н.Құсайынов, А.Мейірбеков