Медеу Арынбаев – www.kazchords.com

Медеу Арынбаев

INFORMATION

Artist Birtday : 05/03/1967 (Age 58)
Born In : Дарбаза кенті, Сарыағаш ауданы, ОҚО

Медеу Уәлиханұлы Арынбаев (1967 жылы 5 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза кентінде туған) — әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). “Алтын Адам” ұлттық сыйлығының иегері (2002). Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.

  • Медеу Уәлиханұлы Арынбаев 1967 жылы 5 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза кентінде дүниеге келген.
  • 1990 жылы Ташкенттегі эстрадалық студиясын бітірген.
  • 1990 – 1995 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің музыкалық – педагогика факультетін бітірген.
  • 1992 жылы «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар конкурсына қатысып, екінші орынды иеленеді.
  • 1995 – 1997 жылдары Гүлдер ансамбльінің солисті.
  • 1997 жылы “АБК” эстрадалық тұңғыш трисының әншісі әрі жетекшісі болды. (құрамында Қыдырәлі Болманов, Ерлан Көкеев).
  • қазіргі таңда жеке шығармашылықта. Ән салып қана қоймай өзі де ән жазады.

Жетістіктері

  • 1992 жылы «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар конкурсына қатысып, екінші орынды иеленеді.
  • 1993 жылы “Мелодия прута” халықаралық әншілер байқауының гран-при бас жүлдесінің иегері. (Молдова).
  • 1994 жылы Азия дауысы халықаралық байқауның дипломанты.
  • 1994 жылы Түркияда өткен «Помоколи» конкурсында ФИДОФ дипломын иеленіп, лауреат атанды.
  • Медеу Арынбаевтың кең таралған музыкалық альбомдары: «Өмiр өзен», «Любимая, нежная», «Слова любви», «Туған жердей жер болмас».

Отбасы

  • жұбайы қайтыс болған.
  • Ұлы Дәулетті және қызы Даянаны тәрбиелеп отыр.

Марапаттары

  • 2002 жылы “Алтын адам” ұлттық жыл таңдауы сыйлығының иегері
  • 2003 жылы “Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері” атағы
  • 2014 жылы “Астана жұлдызы” ұлттық музыка жүлдесінің «Жігіттер арасындағы үздік орындаушы» аталымы бойынша жүлде иегері. (Астана)
  • 2015 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының құрмет грамотасы
  • 2015 жылы 3 желтоқсандағы елбасының жарлығымен “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағымен марапатталды
  • 2016 жылы ҚР тұңғыш президентінің мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.

ARTIST PHOTO

ALBUMS

ADVERTISEMENT