Мейрамбек Беспаев – www.kazchords.com

Мейрамбек Беспаев

INFORMATION

Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев (8 қараша 1976 жылы, Жамбыл облысы, Талас ауданында туған) — қазақстандық әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Өмірбаяны
Мейрамбек Беспаев Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек екі қарындасы бар – Айнұр, Гүлнұр. Анасының есімі – Жібек Жолдасова.

Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің Қобыз сыныбын оқып бітірген. 1989 жылы Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебіне ауысады.

1994-98 жж. Т.Жүргенов атындағы театр академиясының «Актер, драма, кино» факультетінен білім алады. Алғаш кәсіби жолын «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметін атқаруымен бастайды.

1997 ж. қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген. Жастайынан ән салып, халыққа танымал болды. Оның репертуарында Әзірбаевтың, А.Қоразбаевтің (“Бозторғай”, “Кеш жарық”, “Шаш-баулым”, т.б.), Н.Тілендиевтің “Өз елім”, т.б. қазақ композиторларының әндері бар. Қазір “Қазақконцерттің” әншісі, сондай-ақ, танымал “МузАрт” тобының мүшесі. Гастрольдік сапармен шет елдерде, Қазақстанның барлық қалаларында болып өнер көрсеткен.[1]

2002-2007 жж. Қазақконцертте әнші (солист) болып жұмыс істеген.

2010 жылы Баян Есентаеваның продюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты кинода өз-өзін сомдайды.

Фильмография
1991 — «Қоштасқым келмейді» (Нұрсейіт)
2010 — «Ғашық жүрек» (Мейрамбек Беспаев)
2011 — «Ғашық жүрек 2» (Мейрамбек Беспаев)
Марапаттары[өңдеу]
ҚР Үкіметінің “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;
2012 жылғы президент жарлығы бойынша “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағымен марапатталды.
2016 жылы “ҚР тәуелсіздігіне – 25 жыл” медалі;

ARTIST PHOTO

ALBUMS

ADVERTISEMENT