LYRIC
кіріспесі: Am Dm Am E Am Dm Am E
терілуі: 5-2-3-4 | 4-2-3-4
Am
Бұл дүние айналғанмен сырласыңа,
Am Dm
Енді біл мәңгі бақи тұрмасына.
Dm Am
Бір күні құдайыңнан хабар келсе,
E Am
Шығасың сен де құрбым қыр басына.
[kazchords.kz]
Am
Қайғырып досың түгіл бақталасың,
Am Dm
Кеудеңде сағат-ғұмыр тоқтағасын.
Dm Am
Қалдырып мынау жалған дүниені,
E Am
Келмеске мәңгі бақи аттанасың.
Am
Сол жаққа аттанасың бәрі барған,
Am Dm
Қалады көкірегіңде алып арман.
Dm Am
Қалады ауызыңда сары тісің,
E Am
Қалады гаражыңда сары «Волгаң»
Am
Біреуде ақшаң қалар қарыз алған
Am Dm
Мұрныңды шақшаң қалар зәрі жарған
Dm Am
Он бөлме үйің қалар, қиын болар,
E Am
Өйткені бәрі жалған, бәрі жалған.
Am Dm Am E Am…
Бұл қазақ мол байлықты текке іздейді
Ақшаңды миллионға жеткіз мейлі.,
Сенімен қырсық құдай о дүниеге,
Сом түгіл соқыр тиын өткізбейді.
Сұм ажал қайыршы емес тиын сұрар,
Бір күні қу жаныңды бұйымшылар.
Қорқыттар құтылмаған бұл өлімнен
Табылдың құтылуы қиын шығар.
Біз түгіл құтылмған алып Абай,
Білмедім о дүниенің халі қалай?!
Табылдың бір кездегі әні екен деп
Соңымнан зарлап жүрсін қалың адай!
Жігіттер, артық айтсам күнә тақпа,
Батайық күліп-ойнап, рақатқа.
Өмірден кәрі де өтер, бәрі бекер
Берілген тірлік бізге прокатқа!
View count: 13,979
No comments yet