LYRIC
Жүрек бағынбай
Іздейді төзім табылмай
Тәп-тәтті елігім көзіңе ерідім
Мүмкін емес бір сәт жүру сені мүлде сағынбай
Төгіліп гаухардай тамшы
Көзіме сезімді салшы
Оралып өзіме, еркелеп кесіле
Жанымда мәңгі қалшы
http://kazchords.kz - аккорды и тексты казахстанских песен
Қ-сы:
Үзіліп түсті жанардан
Бір үміт нұрдан жаралған
Айта алмай, айта алмай, айта алмай бұның себебін
Өзіме жаным егіздей
Тасынып жатқан теңіздей
Жүрегім, жүрегім, жүрегім нені сезесің
Сұлу елігім, өмірде болшы серігім
Жүзіңнен мақпалдай бір бақыт тапқандай
Қарақаттай көзіңнен бір үміт тауып едім
Күн толы шырайлы бағым
Көрмесем жан дүнием сағым
Алапат сезімді, тұншыққан төзімді
Өзіңсіз сезілген жаным
Қ-сы: х2
Үзіліп түсті жанардан
Бір үміт нұрдан жаралған
Айта алмай, айта алмай, айта алмай бұның себебін
Өзіме жаным егіздей
Тасынып жатқан теңіздей
Жүрегім, жүрегім, жүрегім нені сезесің
View count: 336
No comments yet