LYRIC
Жадырап жазбен терезем
Жайқалып өскен емен ем
Бұтағым сынып бұл күнде
Тарылғандай ма керегем
http://kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен
Кенеттен сөніп шам шырақ
Байқаусыз қалды-ау арғымақ
Тарылып демім, шөл қысып
Отырмын жастан көл құрып
Арман-ай арман гүл өмір
Құлазып қалды-ау құл көңіл
Жалт етіп сөнген сәуледей
Арманда кеткен жас ғұмыр
Арманда кеткен жас ғұмыр
Тігусіз қалды-ау ақ шатыр
Түрілмей түңіліп ол жатыр
Сен барып талай шомылған
Мұңайып айдын көл жатыр
Жалғызым едің артымда
Ғасырды жалғар ғасырға
Тәңірім жазса құлының
Жұмақта енді жарқылды
Арман-ай арман гүл өмір
Құлазып қалды-ау құл көңіл
Жалт етіп сөнген сәуледей
Арманда кеткен жас ғұмыр
Арманда кеткен жас ғұмыр x2
әні: Е. Спаналиев
сөзі: С. Хайруллаев
No comments yet