LYRIC
Атанып қаланың студенті
Сен жаңа әлемге түстің енді
Балапаны едің алтын ұяның
Құс болып сен ұштың енді
Жатақхана тұрағың болады
Жастық шақ қызықтарға толады
Алдымда қаншама белестермен
Асулар талай көп әлі.
Кел студент қосыл бізге
Кел студент бақыт ізде
Болса да қиын күндер
Жарқын болашаққа сеніміңді мүлде үзбе
Жастық шақтың сәулелі кезін шашқан тәтті арай
Ең қызықты дәурені студенттік шақтар – ай
Жатақхана, общага оны да бір бақ санап
Тойып алып жатасың китайский лапшаға
Семинарға бармайсың, сессияда зарлайсың
Жақсы баға дегенді оңайлықпен алмайсың
Емтиханға барасың шпоргалка салып ап
Өте семіз болғасын үштік болсын алып ап
Ең бірінші курста сабағынан қалмайды
Ал екінші курста бірді – бірге жалғайды
Курсында үшінші курсқа көп бармайды
Төртіншіге келгенде түске дейін ұйқысы
Оңайлықпен қанбайды
Бесіншіге келгенде 1 – 2- 3 – 4 – ді жетегіне жалғайды
Осылардың бәрі бар, қызығы бар сәні бар
Студенттік өмірді шын көңілден қабыл ал
Кел студент қосыл бізге
Кел студент бақыт ізде
Болса да қиын күндер
Жарқын болашаққа сеніміңді мүлде үзбе
Шамшырақ болып сен де жанасың
Білімнің кәусарына қанасың
Шынайы махаббат кездестіріп
Айрылмас достар табасың
Болашақ шыңдарына қонайын
Шаттықтың қоңырауын соғайын
Қайталанбас шағында өмірдің
Кел студент бірге болайық
Кел студент қосыл бізге
Кел студент бақыт ізде
Болса да қиын күндер
Жарқын болашаққа сеніміңді мүлде үзбе
Кел студент қосыл бізге
View count: 721
No comments yet