LYRIC
Em
Төніп тұрса төбемде күн,
G B7
Демің бе деп елеңдедім.
Am
Қою түнгі қара көздің
D Em
Моншақтарын сен емдедің.
Em
Бәлкім сен де ойлайсың ба?
G B7
Тынық сырға бойлайсың ба?
Am
Айдан жолдап сәлеміңді,
D Em
Бір серпілтіп қоймайсың ба!
[ http://kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен]
G
Тыныштық бер жүрегіме!
C
Құлақ аспа тілегіме!
D
Сезім – шоқты тығып қойған
G
Жұмыр жердің жүрегіне.
Am
Күліп келем, күлкім емес
G
Тек әйтеуір сылқым елес.
Am
Сені ойдан арылтпақпын
B7
Бірақ әттең, бірақ әттең
Em
Мүмкін емес…
Em
Ару айдың қанатынан,
G B7
Тұман мұңдар таратылған.
Am
Сәулем менің қайда жүрсің,
D Em
Ақша бұлттан жаратылған?
Em
Самал желмен тербейсің бе?
G B7
Ыстық күнмен емдейсің бе?
Am
Сені іздеумен тұншығамын.
B7 Em
Желге мініп келмейсің бе!
G
Тыныштық бер жүрегіме!
C
Құлақ аспа тілегіме!
D
Сезім – шоқты тығып қойған
G
Жұмыр жердің жүрегіне.
Am
Күліп келем, күлкім емес
G
Тек әйтеуір сылқым елес.
Am
Сені ойдан арылтпақпын
B7
Бірақ әттең, бірақ әттең
Em
Мүмкін емес…
әні: И. Елубаева
сөзі: Н. Бердіқожа
View count: 4,902
No comments yet