Астана (текст)

Тұрар Рахимберлин

Шіркін, қандай ғажайып
Көркің күн өткен сайын
Күндей шуақты қалам
Жайна, жайна әрдайым

 

Арман жаралы ұшқан
Уақыт желмен жарысқан
Әсем сыры бар қалам
Ғашық жаңа табысқан

 

Астанам — арудайым қалам
Бақыт сыйлаған сезіледі бір өзіңнен
Жастық оты жалындаған,
Астана, қымбатсың-ау маған
Өзіңде ғана жаным жай тауып
Көңілімнен сыр ақтарам
Жұмбақ қалам

 

Мәңгі биіктен көріп
Сәндеп қазақтың жерін
Әсем әнге қосайын
Арнап жүректің жырын

 

Астанам — арудайым қалам
Бақыт сыйлаған сезіледі бір өзіңнен
Жастық оты жалындаған,
Астана, қымбатсың-ау маған
Өзіңде ғана жаным жай тауып
Көңілімнен сыр ақтарам
Жұмбақ қалам

 

Астанам — арудайым қалам
Астана, қымбатсың-ау маған
Астанам — арудайым қалам

 

Астанам — арудайым қалам
Бақыт сыйлаған сезіледі бір өзіңнен
Жастық оты жалындаған,
Астана, қымбатсың-ау маған
Өзіңде ғана жаным жай тауып
Көңілімнен сыр ақтарам
Жұмбақ қалам