Бір Кем Дүние (текст)

Төреғали Төреәлі

Дерттеніп, жүдеп, өртеніп жүрек
Қабаржып қабақ мұңданам неге
Бұр жарған сезім, нұр жарған кезім
Өткен күн қолын бұлғаған бүгін

Қ-сы х2
Бір кем дүние жалған дүние
Біреуге бақ, біреуге сор арман дүние
Жалған дүние

Бұралғаның бар? Құлағаның бар
Сынбауды сенен үйренді өмір
Шырмауық күнде бұрқанып кеудем
Сезіммен ұлы сүйгенмін кімді?

Қ-сы х3
Бір кем дүние жалған дүние
Біреуге бақ, біреуге сор арман дүние
Жалған дүние