Нәзік гүл ерке балғын ба едің??
Қиялымдағы мәңгі менің
Аңсаған сәтте жан жүрегім
Армандай алға алып ұш
Жолықсаң алдан күліп таңдай
Тәп-тәтті сезім үміт балдай
Жанымды менің жылытқандай
Өзіңе деген сағыныш
Қ-сы
Еліктей еркем еркелігің
Жанымды менің баураған
Кейіпкеріндей ертегінің
Періште ару арман ән
Шолпансың жұлдыздар арасында
Өзгеден ерек жанасында
Жоғалып көзден барасың да
Төменде қалдым қия алмай
Қылығың неткен көркем еді
Жүрегім аңсап өртенеді
Қ-сы х3
Еліктей еркем еркелігің
Жанымды менің баураған
Кейіпкеріндей ертегінің
Періште ару арман ән