Елім Менің (текст)

Shafran тобы

Өзің едің тілегім де
Өзің едің жүрегім де
Туған жері бар адмның
Арманы жоқ бұл өмірде
Бабалардың аманатын, аналардың махаббатын
Бар әлемге асыр салып
Қазақпын деп мақтанамын

Қ-сы

Елім менің қазағым
Тарқамасын базарың
Саған арнап жазамын
Көңілімнің жаз әнін
Саған құшақ жазамын
Елім менің қазағым
Қазағым-ай

Бере салған тәңірім шын
Менің алтын тамырымсың
Мөлдір бұлақ, асқар таулар
Сары дала сабарымсың
Алғысыңмен ағарғанмын
Бұлағыңнан нәр алғанмын
Туған елім бақытымды
Жырлау үшін жаралғанмын, жаралғанмын

Қ-сы х4

Елім менің қазағым
Тарқамасын базарың
Саған арнап жазамын
Көңілімнің жаз әнін ай
Саған құшақ жазамын
Елім менің қазағым-ай
Қазағым-ай

автор: Аскар Дуйсенбi
композитор: Арман Дуйсенов