Күлші Жаным (текст)

Дәулет және Гүлхан

Арайлы арманыма қараймын таңдарыма
Қол создым жете ме деп аңсаған жан-жарыма
Аңсаған жан-жарыма

Қ-сы: х2
Тартынбай бері қарап күлші жаным
Сезімді саған деген білші жаным
Жадырап күнім болып жүрші жаным
Жүрші жаным-ай

Махаббат сезім дара күтеді төзім ғана
Лүпілін жүрегіңнің сеземін өзім ғана
Сеземін өзім ғана

Қ-сы: х4
Тартынбай бері қарап күлші жаным
Сезімді саған деген білші жаным
Жадырап күнім болып жүрші жаным
Жүрші жаным-ай