Көңіл Шіркін (текст)

Назарбек Оразбеков

Көңіл шіркін тәтті сезім іздейді
Сол сезімнің мәңгі емесін сезбейді
Бірақ тағы махаббатсыз адамдар
Бұл жалғанға шыдамайды,төзбейді,төзбейді

Қ-сы

 

Өмір деген күз сияқты, көзді-ашып жұмғанша
Көңіл деген от сияқты, лаулап сезім жанғанша
Сезім деген құс сияқты, жылы жаққа ұшқанша
Шын ғашықтар шыдай алмас бірін-бірі құшқанша(2)

 

Бұл махаббат қуантады қирайды
Талай-талай қызық сәттер сыйлайды
Қас арудың сұлу кербез жүрісін
Санаң сенің ұмытпайды қимайды, қимайды

 

Қ-сы х2

 

Өмір деген күз сияқты, көзді-ашып жұмғанша
Көңіл деген от сияқты, лаулап сезім жанғанша
Сезім деген құс сияқты, жылы жаққа ұшқанша
Шын ғашықтар шыдай алмас бірін-бірі құшқанша(2)