Ойымдасың (текст)

Tural Everest

Күздің қоңыр тербеген самалы
Ақ жүзіңнен сипап өтер
Сол бір бейнең жүректе қалады
Мәңгілікке

 

Сезімімнің куәсі күзгі бақ
Толқытатын көңілімді
Оралармын сол кез бірақ
Аңсауменен сол күндерді

 

Сағындым мен жайнаған жанарыңды
Ұмыта алмаймын сағыныш хабарымды
Әнменен жолдаймын сені үздіксіз ойлаймын
Үміт үзе алмаймын

 

Бақытты кезімізді еске алам сағына
Қайда сол сезім ізгі оралшы тағы да
Әсем күзгі бағына
Бақыт сыйлап жаныма

 

Ойымдасың сен мәңгі ойымдасың
Тойынбасын саған көңіл тойынбасын
Қуанышымсың охоу оу оу
Жұбанышымсың охоу оу оу бір өзің

 

Аңсаумен күндер өтер қоштастық-ау бекер
Қасымда өзің болсаң бақытқа қолым жетер
Бақытқа қолым жетер
Қоштастық-ау бекер

 

Ойымдасың сен мәңгі ойымдасың
Тойынбасын саған көңіл тойынбасын
Қуанышымсың охоу оу оу
Жұбанышымсың охоу оу оу бір өзің x3