Gm
Жанарыңнан төгіледі таң нұры
Cm
Жүрегіңнің көрінеді бар мұңы.
F
Сөндіріп – өртеп,
Мөлдірі мөлтек
A# F
Көз жасыңның жаңбыры.
Gm
Махаббат па жүрегіңе салған мұң?
Cm
Жоғалды ма мәні мына жалғанның?
F
Сарғайма күздей
Үмітіңді үзбе
A# F
Орындалар арманың.
Gm Cm
Жарығым, бар мұңың
F (A#) (F)
Өткiншi өмiрдiң бiр ғана бөлiгi.
Gm Cm
Оралмас өткенiң,
F
Мұңаймашы, Жаным,
Арайланар таңың,
A# F Gm
Келер тағы сезім көктемің.
Gm Cm
Сағыныш тамшысын төкпеші
F A# Gm
Күзімде гүл болып көктеші
Cm
Махаббатым,
F Dm Gm
Жылытсын мәңгілікке жаныңды сенің.
Gm Cm
Өтпелі жарығым, ол қайғы
F A# Gm
Келер күн бір бақыт жолдайды.
Cm
Шапағаты
F Dm F
Бөлесін қуанышқа таңыңды сенің.
Gm
Пәк үмітің бірер сәтке көз ілген
Cm
Көрінеді түпсіз тұнық көзіңнен.
F
Жанның қамшысы –
Жаңбыр тамшысы
A# F
Жанарыңнан үзілген.
Gm
Естіле ме саған жазған жан әнім
Cm
Жүрегiмнiң бағындырдың қамалын
F
Оранып түнге
Жарығым мүлде
A# F
мұңаймасын жанарың
Cm F A# Gm
Қолыңды бер ертейінші бақыт еліне
Cm F A#
Жүрегіңді жылытайын мен...
Gm Cm
Сағыныш тамшысын төкпеші
F A# Gm
Күзімде гүл болып көктеші
Cm
Махаббатым,
F Dm Gm
Жылытсын мәңгілікке жаныңды сенің.
Gm Cm
Өтпелі жарығым, ол қайғы
F A# Gm
Келер күн бір бақыт жолдайды.
Cm
Шапағаты
F Dm F
Бөлесін қуанышқа таңыңды сенің.
Сөзінің авторы: Назерке Семей