Сенің көзің (аккорды)

Музарт

Am
Сенің көзің түпсіз терең
E
Тұңғиықтан жаралған
Dm
Сонда жатыр менде жүрген
E          Am
Орындалмас бар арман

Dm
Сенің жүзің көкте күннен
Am
Жерде гүлден нәр алған
Dm
Шашың сенің жан баспаған
E         Am
Жапандағы қара орман x2

Am
Қас-кірпігің қарлығаштың
E
Қанатындай қап-қара
Dm
Үлбіреген жүзің сенің
E          Am
Ақ жібекпе мақта ма

Dm
Әсемпазсың әп-әдемі
Am
Мүсініңе шаттанам
Dm
Шиедейін еріндерің
E           Am
Қызарып тұр шоқтана x2

Am
Толықсыған тұла бойың
E
Шыбық па екен тал ма екен
Dm
Бейнең сенің баяу атқан
E            Am
Жазғы шұғыла таң ба екен

Dm
Күлкің сенің шашылған нұр
Am
Сөзің кәусар бал ма екен
Dm
Бұл ғаламда сенен асқан
E          Am           A7
Сірә біреу бар ма екен, бар ма екен

Dm
Күлкің сенің шашылған нұр
Am
Сөзің кәусар бал ма екен
Dm
Бұл ғаламда сенен асқан
E          Am
Сірә біреу бар ма екен

сөзі: Мұқағали Мақатаев
әні: Қанат Ибрагимов