Тәттімсің (текст)

Бүркіт

Жаралған нұрдан тәттімсің
Нәр алған жырдан тәттімсің
Жұпар аңқыған тәтті иісің
Еркеле маған
Айдынды кешкен ақ құсым
Жаныма көшкен бақ құсым
Ғашық болдым мен жаным саған

 

Жайнашы гүл-гүл
Сайра, сайрашы бұлбұл
Өзіңді сүйген
Құлайды жүрек дүл-дүл
Жайнашы гүл-гүл
Сайра, сайрашы бұлбұл
Өзіңді сүйген
Тулайды жүрек дүл-дүл

 

Арайлы таңдай тәттімсің
Шырыны балдай тәттімсің
Ғажайып қандай тәтті иісің
Ерекше туған
Бағыма сені таптым шын
Жұлдыздай мені жақтың шын
Өзіңмен өткен бар күн думан

 

Жайнашы гүл-гүл
Сайра, сайрашы бұлбұл
Өзіңді сүйген
Құлайды жүрек дүл-дүл
Жайнашы гүл-гүл
Сайра, сайрашы бұлбұл
Өзіңді сүйген
Тулайды жүрек дүл-дүл

 

сөзі: Ринат Зайытов,
музыка: Костя Ионит